"Екі адамға шабуыл жасаған": Ақмола облысында құтырған түлкілер көбейіп, өңірде шектеу шаралары енгізілді
Фото: Видеодан скрин
Ақмола облысы Еркіншілік ауылында құтырған түлкілер қаптап, адамдарға және үй жануарларына шабуыл жасап жатыр. Құтырма ауруы тарамас үшін қазір ауылда шектеу шаралары енгізілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Себебі түлкі, қасқыр сынды жабайы аңдар құтырма ауруын тасымалдаушылар қатарынан. Сондықтан мал дәрігері қызметкерлері ауылдағы төрт түліккке құтырмаға қарсы екпе салып жатыр. Бір айға созылған карантин шарасы апта соңында алып тасталмақ. Себебі жағдай біртіндеп тұрақталып келе жатыр екен. Дегенмен тұрғындар айлакер түлкінің ауыл ішінде тағы да көзге түскенін айтып, қорқынышын жеткізді. Осыдан кейін мамандар аулаларда дезинфекция жүргізген.
Қостанай облысында жабайы түлкілер адамдарға шабуылдай бастаған
Оралда қала көшелерінде жүрген түлкі видеоға түсіп қалды
Бұланды, Есіл аудандары мен Көкшетаудың іргесінде де түлкі көбейген. Ал жабайы аң тістеп алған тұрғындардың жағдайы жақсы дейді дәрігерлер.
“Екі жағдай да Еркіншілік ауылында тіркелді. Алғашқысында түлкі қораға кіруге әрекет жасаған. Үй иесі оған итін жіберіп, кейін түлкіні таяқпен өлтірген. Түлкінің өлі денесі мола маңында өртелген. Екінші жағдайда түлкі қоршауға қысылып қалған. Үй иесі оны шығаруға тырысқанда, түлкі оны тістеп алыпты. Түлкі өртелді. Адамдар вакцина алды. Қазір өзін жақсы сезінеді”, – дейді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының өкілі Мәдина Смағұлова.
Айта кетейік, бұған дейін Маңғыстауда мектеп оқушыларына жабайы түлкілер шабуыл жасағаны туралы жазған едік.
"Акушерге, дәрігерге, медбикеге бересің": Қазақстандықтар мемлекеттік перзентханалардың ақша бермесең қарамайтынын айтып, қызу талқылады