Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Екеуі көз жұмды: Шымкентте ескі үйді бұзып жатқан 4 адам қабырға астында қалды

Шымкентте жер үйді бұзып жатқанда үйінді астында қалған екі жұмысшыға тағы да ота жасалатын болды. Қатты жарақат алған азаматтар әзірге аурухананың жалпы палатасына ауыстырылды.

Екеуі көз жұмды: Шымкентте ескі үйді бұзып жатқан 4 адам қабырға астында қалды

Бірақ әлі күнге жағдайлары ауыр дейді дәрігерлер. Ал, құлаған қабырғаға жаншылып көз жұмған екі адамды туыстары жер қойнына тапсырды. Оқиға қалай болған? Бұл туралы "Еуразия бірінші арнасы" хабарлайды.

Қайғылы жағдай, Шымкенттегі 112 кварталл аумағындағы үйде болған. Жалданған жұмысшылар үлкен тұрғын үйді қиратып жатқан. Сол уақытта 5-6 жігіт кірпіштен қаланған қабырғаны арлы-берлі сермеп жатқан сәтте қабырға төрт жігітті басып қалыпты. Салдарынан екеуі сол жерде қайтыс болған.

Елді елең еткізген жағдай, екі кештің арасында болыпты. Шамасы үй иесі ескі тұрғын үйдің орнын тазалағысы келсе керек. Бірақ қауіпсіздік шараларын сақтамапты. 

"Жұмыс атқару барысында үй ескі болғандықтан техникалық қауіпсіздікті сақтамаған. Қабырғаны бұзған кезде, ол кенеттен құлап, опырылып түсіп, төрт адамды басып қалған. Соның салдарынан сол жерде жұмыс істеген адамдарды шығаратындай әрекет жасаған. Бірақ ешқандай нәтиже шықпағандықтан бізге хабар келіп түскен", - деді қалалқ ТЖД бас маманыЗарипа  Абдуллаева.

Қайтыс болғандардың бірі 33-те болса, екіншісі 46 жаста. Екеуі де Шымкент қаласының тұрғыны екен. Ал, үйінді астында қалып қойған тағы екі адамды құтқару жасағының көмегімен өлімнен аман қалды. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, шұғыл ота жасалыпты. Енді кезекті операциясын күтіп жатыр. 

"Көкірек қуысының жабық жарақаты, бас миының шайқалуы, асықты жіліктерінің ашық сынуы, жыртылған жарақаттармен, сыртқа қан ағуымен травматикалық шокпен алып келінді. Келген кезде екеуінің жағдайы ауыр жағдайда, реанимациялық бөліміне жатқызылып, жедел түрде ота жасалды", - деді дәрігер Асхант Мәуленов. 

Кісі өлімі болған жеке үй сыртынан жабық тұр. Ауылдастары қожайыны кім екенін де танымайтын болып шықты. Тек бірлі-жарым адамдардың кіріп-шығып жатқанын көретінбіз дейді. 

"Адамдар кіріп-шығып жүретін ия. Нақтысын білмейді екенмін, кімдер тұратынын", - деді тұрғын.

Бүгінде бұл іспен тәртіп сақшылары айналысып жатыр. Абай аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетіпті. Егер қожайынның кінәсі дәлелденетін болса, онда ол заң алдында жауап беруі мүмкін. 
 

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр