Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

eGov мобильді қосымшасына хакерлік шабуыл жасалған: Цифрлық даму министрлігі мәлімдеме жасады

Цифрлық даму министрлігі халыққа қызмет көрсету орталықтарының сайты мен eGov мобильді қосымшасының бұзылғаны туралы желідегі ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі желіде тараған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

“Электрондық үкімет порталы және eGov Mobile мобильді қосымшасы қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Үшінші тұлғалар портал мен мобильді қосымша пайдаланушыларының деректеріне қол жеткізе алмайды”, – делінген хабарламада. 


Шымкенттегі ХҚКО қызметкері тұрғындарды 200 миллионға жуық теңгеге алдап кеткен


Министрлік электрондық үкімет порталы мен eGov Mobile қосымшасының қызметі туралы барлық ақпарат ресми дереккөздерде, атап айтқанда eGov.kz және nitec.kz сайттарында жарияланатынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Egov.kz порталында көліктің тарихын тексеру сервисі іске қосылғаны туралы жазған едік. 

Талқылау