eGov.kz порталында жұмыс іздеушілерге ұсыныстар көрсетіледі
«Ұлттық ақпараттық технология» АҚ жұмыссыз қазақстандықтар мен жұмыс іздеушілер үшін ұсыныстар қызметін көрсетеді.
Фото: 7kun.kz
Компанияның баспасөз қызметінің мәліметінше, eGov.kz арқылы үйден шықпай-ақ тіркеліп, жұмыс орындарына жіберіледі.
Жұмыссыздар үшін 4 бағыт қарастырылған: жастар тәжірибесіне жіберу, қоғамдық жұмыстар, әлеуметтік жұмыс орны мен жұмысқа кіру туралы бағыт алу.
Бұл қызмет түріне арнайы нұсқау алған соң баруға болады.
«Егер жұмысы бар немесе жалған құжат берген адамдар болса, олар бұл қызмет түрлерін пайдалана алмайды. Сонымен қатар зейнет жасындағы адамдар жіберілмейді. Берілген қызмет түрлері жеке кабинетінде жазылады», – деді департамент директоры Асқар Атағулин.
Нұсқау қағазы электронды түрде беріледі. Бір күнгі қызмет тегін көрсетіледі. Бұл қызмет түрін алу үшін eGov.kz порталына кіріп, өтініш толтырып, жазылу керек. Қызметтер «Жұмыспен қамту» бөлімінде жазылған.
Оқи отырыңыз:
Оқушы қыз банан жеген соң көз жұмды
Қазақ қызы туған ағасының 14 жасынан бастап өзін зорлап келгенін айтты (видео)