Егіз жігіттер жынысын ауыстырып, апалы-сіңлі болды
Бразилиялық егіз жігіттер бір уақытта жынысын өзгерту үшін операция жасады. Мұндай жағдай әлемде бұрын соңды болмаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
19 жастағы Майла Фиб де Резенде (Mayla Phoebe de Rezende) мен София Альбукерк (Sofia Albuquerck) туғаннан бастап өздерін ұл сезіне алмаған.
"Мен тәнімді жақсы көрдім, бірақ жыныс мүшелерім өзіме ұнамады", - деп ағынан жарылды Майла. Егіздер айналасындағылардың келеке-мазақтары мен түсінбеушілігіне қарамастан, бала кезінен қыз болуды армандапты. Олардың анасы да балаларын әрқашан қыз ретінде қабылдағанын атап өтті.
14 ақпанға қараған түні олар Бразилияның Блуменау қаласындағы жеке клиникада бес сағаттық операция жасады.
"Бұл егіз жігіттердің бірлесіп жынысын өзгертуі бұрын соңды әлемде болмаған жағдай", - деді олардың емдеуші дәрігері Хосе Карлос Мартинс.
- 42 жастағы әйел гей інісі мен оның күйеу жігітіне суррогат ана болып берді
- Келіншек сурет арқылы күйеуі опасыздық жасағанын біліп қойған
Майла өзін айнадан көрген кезде қуаныштан жылап жібергенін жасырмайды.
"Отадан кейінгі алғаш суға түскендегі сезімді сөзбен жеткізе алмаймын", - дейді ол. Оның әпкесі София өзін ұстамды ұстайды. Ол "әлемдегі ең трансфобты елде тұрып жатқандықтан" толық қуануға болмайтынын атап өтті.
София туыстарының әрдайым қолдайтынын, бірақ айналасындағылар оларға зиян тигізуі мүмкін деп алаңдайтынын айтты. Олардың атасы 7 миллион теңгеге жуық тұратын қымбат отаны төлеу үшін үйін аукционға қойған көрінеді.