Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Егіз қызға үйленген егіз жігіттер жұбайларын айыра алмай қалды

Ақ Жайықтың қос аруына үйленген ақтаулық егіздер есіңізде ме? Жарасымды жанұялар бүгінде бір шаңырақ астында тату-тәтті күн кешіп жатыр.

36924c81e645a585e501056c1de4b0c1_resize_w_520_h_

Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Төребек пен Асыл қыз тәрбиелесе, Жолдасбек пен Айым әулеттің ізін жалғар ұл өсіріп жүр. Маңғыстауға келін болып түскен егіз қыздар екінші перзентін күтіп үйде отыр. Ал, Мұнайлы аудандық ауыл шаруашылығы инспекциясының маманы Төлепберген Ұзақбаевтың ұлдары әке жолын жалғап, қызметке жарап тұр.

Арасы он минуттық егіз ұлдарды да бірден ажырата қою қиын. Ата-анасы олардың отырысына қарап анықтайды. Дастарханға алдымен үлкені, сосын кішісі жайғасады. Жалпы, тәрбиелі отбасыда үш қыз бен ұл дүниеге келген. Ал, ел назарын аударған кенжелердің егіздермен отау құруына нағашы әжелерінің өсиеті себепкер екен.

“Ауырды біздің балалар үшке келгенде. Хал үстінде жатыр дегесін барып қасында отыр едік: «Әй, Лиза! Төребек пен Жолдасбек екеуі бір адам, сен болашақта соларға бір үйдің баласын алғаның жақсы-ау» деп қолын батыс жаққа қарай сермеді”, – дейді егіз ұлдардың анасы Лиза Сарбалаева.

Егіздер таңертең жұмысқа бірге шығады. Төребек інісін жолдан тастап, қалаға көршілес ауылдағы қызметіне жетеді. Қайтарда үйге ала келеді. Қалған уақытта жұптары жазылмайды. Бақытты әке кенжелерінің өңірлік мал шаруашылығының дамытуға ден қоюымен шаттанады.

“Біреуі зертханада жұмыс жасайды, біреуі елді мекенде мал дәрігер болып жұмыс істейді. Жалпы, Қазақстан бойынша мал дәрігерлік жүйеге көп адам бармайды. Себебі, айлығын аз көреді, жұмысын қиынсынады”, – дейді егіз ұлдардың әкесі Төлепберген Ұзақбаев.

Қазақылық сақталған өңірде босаға аттаған егіз қыздар үйде ұлттық киіммен жүреді. Үлкені дастархан жайып, ас даярласа, кішісі шайды шебер құяды. Тойдан соң, бір келін үйге есіктен, екіншісі басқыш қойылған терезеден кіргені жұртқа аңыз. Ал, егіздер беташардан соң келіншектерін айыра алмай қалғанын күліп еске алады.

“Танысқаннан кейін күнде көріп жүрген адамды айырасың ғой. Ең қызық кезі, үйленетін кезде беттеріне бояу жаққан кезде айыра алмай қалдық. Танымай қалдық, шынымызды айтсақ”, – дейді егіздің үлкені Төребек Төлепбергенұлы,

Егіздер ата-анасын бағып, үш бөлмелі пәтерде тұрып жатыр. Бір-біріне ұқсас бөлмелер өмірге екінші сәби келсе, тарлау болары рас.

Сондықтан да, қос ұл келешек қоныс аударуды жоспарлап жүр. Айта кетейік, бұған дейін егізі көп ауыл туралы жазған болатынбыз.

Жіберіп алмаңыз:

Ер адам өлерінен 4 күн бұрын үйленді

Бойжеткен өзінің туған әкесінен 2 бала туды

Анасы бір-біріне ұқсамайтын егіз туғанда қатты таңғалған (фото)

 

 

 

Талқылау