"16 адам іздестіріліп жатыр": Египетте 30-дан астам турист мінген яхта суға кетті
Мысырдың Марса-эль-Алам қаласына жақын жерде бортында 31 турист пен 13 экипаж мүшесі болған яхта суға батып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Dive Pro
Sky news басылымының мәліметінше, “Sea Story” деп аталатын қайықтағы 16 адам із-түссіз жоғалып кеткен. Ел билігі 12 шетелдік пен 4 Мысыр азаматын іздеп жатыр.
“Қызыл теңізге батқан қайықтан 28 адам құтқарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, кеме үлкен толқынға тап болып, аударылып қалған. Кейбір туристер каюта ішінде болғандықтан оларды құтқара алмадық”, – дейді Қызыл теңіз провинциясының губернаторы генерал-майор Амр Ханафи.
Аман қалған адамдар жеңіл жарақат алған. Сондай-ақ оларға медициналық көмек көрсетілді.
Египет әскери-теңіз күштері мен әскери авиациясы із-түссіз жоғалғандарды іздеу жұмыстары күшейтіліп жатыр.
Талқылау