Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Египетте 12 жастағы бала өзінен бір жас кіші немере қарындасына үйленді

Египетте 12 жастағы Омар мен оның немере қарындасы 11 жастағы Шарам үйленді. Бұл туралы Stan.kz шетелдік БАҚ ақпараттарына сүйене отырып хабарлайды.

апап

Тойға танымал әншілер мен бишілер келіп думан жасаған. Нассер Хасан өзінің үлкен ұлы мен кіші 12 жастағы баласын қатар үйлендірген. Египет заңы 18 жасқа дейінгілердің некелесуіне рұқсат етпейді. Бірақ, бұл тұрғындарға әсер ететін емес. ЮНИСЕФ мәліметі бойынша египеттік қыздардың 17 пайызы 18 жасқа дейінгі тұрмысқа шығып кетеді. Көбінесе мұндай тойларды ауыл халқы жасайды екен.

ымым

Алайда Омар мен Шарамның тойы балалар және әйелдер құқығын қорғайтын ұйымдардың наразылығын туғызған. Ал Омардың әкесі болса бұл той емес, жәй ғана атастыру, сондықтан ерсі ештеңе жоқ деп отыр. Нассердің сөзінше балалар бір-бірін бұрыннан жақсы көреді және олардың сезімдері пәк.

Бұған дейін әлемде әр 7 секунд сайын жасы 15-ке жетпеген қыздар тұрмысқа шығатыны туралы ақпарат айтылған еді.

Оқи отырыңыз:

Мұғалім әйел оқушыларға анатомия сабағын түсіндіру үшін шешініп тастады (видео)

Жүздеген адам анасы тастап кеткен қыздың жерлеу рәсіміне келді (фото)

Америкалық алимент төлемеу үшін 11 айлық ұлына АИТВ (ВИЧ) жұқтырылған қан құйған

Астаналық жігіт қара суықта жалаңаш, үй-күйсіз қаңғып жүрген ер адамды бастан-аяқ киіндірді

Талқылау