Египет 21 жасқа толмаған қазақстандық туристер үшін жаңа ереже енгізбек
Фото: Ru.freepik.com
2025 жылдың 1 қазанынан бастап 21 жасқа толмаған қазақстандықтар Мысырға тек ата-аналарымен бірге немесе олардың нотариалды куәландырылған келісімі болған жағдайда ғана кіре алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қазақстандық HT.kz, Limpopotravel.kz туристік операторлардың мәліметінше, отандастарымызға қатысты жаңа ереже Мысырдың сырты істер министрлгінің нұсқауына негізделген. Алайда әзірге ведомство бұл ақпаратты ресми түрде растамады.
“Кәмелетке толмаған туристер екі ата-анасымен немесе кем дегенде біреуімен бірге саяхаттауға тиіс. Егер басқа туыстарымен барса, ата-аналарының нотариалды куәландырылған келісімі (орыс және ағылшын тілдерінде), туу туралы куәлік және еріп жүретін адамның төлқұжаты қажет болады”, – деп нақтылады туроператорлар.
Айта кетейік, 22 тамыздан бастап дәл осындай шектеулер Қырғызстан және Тәжікстан азаматтарына қатысты қолданысқа енгізілген еді. 21 жасқа дейінгі азаматтардың Мысырға тек ата-аналарымен немесе туыстарымен бара алады. Онда да туыстарында баланың ата-анасы берген келісім мен қажет құжаттар болуға тиіс.

Қазақстандықтар шоколадтың күрт қымбаттағанына шағымданды: Неліктен тәттіге енді көбірек төлейміз
