Еден жуушы әйел маңдай терімен тапқан ақшасына Астанадан үш пәтер сатып алды
Астанада еден жуып табыс табатын еңбек сүйгіш қазақстандық әйел қымбат тұрғын үй кешендерінің бірінен пәтер сатып алған. Бұл оның сатып алып отырған үшінші пәтері екен. Қызық оқиға туралы блогер Әлішер Елікбаев баяндап берді.
Бұл жағдайды оған туған әпкесі айтып беріпті.
“Ол әрдайым өзінің еңбекке қабілеттілігімен мені таңғалдыратын. Таң ата салысымен қолына су толтырылған шелегін ұстап MEGA Astana ашылған бойда оның бірнеше бутиктерін тазалауға кірісетін. Сауда үйінің орналасу құрылымы ыңғайлы болғандықтан ол уақытын үнемдеп пайдаланатын. Ал Меганың ішінде келушілерге қолайсыздық тудырмас үшін швабр және шүберекпен жүруге тыйым салынған кезде, өзінің тұрақты клиенттерінің коттедждерін жууға кетті. Ал жабылатын кезде жалға берушілерге тиесілі аумақты емес, ұзын дәліз бен эскалаторды келіп тазалайтын. Ол жұмыс істеп жүргенде әркез күліп, көңілді жүреді”, – дейді астаналық әйел.
Тығыз графикпен жұмыс істеген әйел туыстарымен бірге пәтер жалдап тұрған. Ал пәтерге ие болған кезде де онда бірден көшіп бармай, оны жалға беріп қоятын болған.
“Ол ешқашан мейрамханадан тамақ ішкен емес, өзіне өзі дайындап алатын. Қосымша шығынға ұшырамас үшін, киімдерін де күтіп киді. Жалға беріп қойған пәтерлерден түскен табысы оған “Радуга” тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтер сатып алуға мүмкіндік берді. Бұл цирктің артында орналасқан жап-жақсы кешен. Соған қарамастан сауда үйіндегі де, бутиктегі де, коттедждегі де, менің әпкемдегі де жұмысының ешбірін тастамады. Қоғамдық көліктен бас тартып, барынша жылдам қимылдау үшін Hyundai Accent автокөлігін сатып алып, өзінің жұмыстағы заттарының бәрін сонда тиеп алатын. Менің түсінуімше пәтерлерін тағы да жалға берген сияқты. Және жақында ғана ол өзіне Highvill Astana кешенінен үй сатып алды”, – деп жазады Елікбаев.
“Бұл әңгіме жоғарғы жалақыға ие менің әпкемнің кіп-кішкентай үйіне барған кезде өрбіді”, – дейді блогер.
Еске салсақ, Highvill Astana бизнес-класс тұрғын үй кешені Астанадағы ең көрікті жерлерге жақын орналасқан. Оның қасынан Хазірет Сұлтан мешітін, Бейбітшілік және келісім сарайын, тәуелсіздік сарайын көруге болады. Ондағы бір пәтердің бағасы 20 миллион теңгеден басталады.
Оқи отырыңыз:
Астанада балдақпен жүрген бойжеткенді мейрамханаға кіргізбей қойған
Ақтөбелік дәрігерлер ауруханада қайтыс болған жігіттің ағзаларын туыстарының рұқсатынсыз кесіп алған
Рамазаннан кейінгі 6 күндік нәпіл ораза жайлы не білеміз?
Қызылордада дін қызметкерлері көпбалалы отбасыға үй салатын құрылыс материалдарын әкеп берді