35 күн бойы жабайы табиғатта егеуқұйрықпен қоректенген қыз 14 келі салмақ тастады
Фото: Denitsa Kireva / Shutterstock / Fotodom
Қытайда Чжао Тэчжу есімді 25 жастағы қыз жабайы табиғатта 35 күн өмір сүріп, өмір үшін күрес ойынында үшінші орынға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі South China Morning Post-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Ойын 1 қазанда Чжэцзян провинциясындағы аралда басталған. Чжао Тэчжу 5 қарашаға дейін шыдап, нәтижесінде 7,5 мың юань (550 мың теңге) көлемінде сыйақы алған. Оның айтуынша, ол осы уақыт ішінде теңіз шаяндары, теңіз кірпілері, моллюскалармен қоректеніп, тіпті аралдағы егеуқұйрықтарды жеуге де үйреніп кеткен.
Тэчжу ұстап алған кеміргіштердің терісін сылып, отқа қақтап жегенін айтады. Ол бір айда 50 егеуқұйрықты жеп үлгерген көрінеді. Оның сөзінше, осындай ас мәзірінің арқасында 14 келі салмақ тастап, 71 келіге дейін арықтаған.
Қатысушы 4 қарашада тайфунға тап болғанын, ал келесі күні ойыннан шығуға шешім қабылдағанын жеткізі.
“Мен өз мақсатыма жеттім, енді өз төсегімде жақсылап ұйықтағым келеді”, - деді ол.
Аралда әлі екі ер адам қалды, олар 50 мың юань (3,6 млн теңге) көлеміндегі бас жүлде үшін күресіп жатыр.
Чжао Тэчжу ойын нәтижесі өзі күткеннен де асып түскенін атап қтті. Ол келер уақытта да осындай жарыстарға қатысуды жоспарлап отыр. Ол тағы 15 келі салмақ тастауды көздейтінін де жасырмады.
Айта кетейік, бұған дейін келіншегі үшін ота жасатқан ер адам көз жұмғаны хабарланған еді.
Қазақстандықтар RAMS Qazaqstan-дағы пәтерлерінен айырылып қаламыз ба деп қорқып отыр: Компания туралы не белгілі