Дзюдошыларымыз Загребтегі Гран-при турнирді екі алтынмен аяқтады
Дзюдодан Хорватияның Загреб қаласында өткен Гран-при турнирде қазақстандық спортшылар 2 алтын, 1 күміс жүлде жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК
Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирін Қазақстан құрамасы екі алтын, бір күміс медальмен аяқтады. Ерлер арасында 60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Шерзод Давлатов пен 73 келідегі Жанарыс Рахметқали қарсыластарының бәрінен басым түсіп, алтыннан алқа тақса, әйелдер арасында 48 келідегі Ғалия Тынбаева финалда ұтылып, күмісті місе тұтты. Шерзод финалда әзербайжандық Ахмад Юсифовты ұтса, Жанарыс британдық Майкл Фраерден басым түсті. Ал Ғалия алтын жүлде үшін айқаста жапон балуанынан ұтылып қалды. Өкінішке қарай, қалған балуандарымыз жүлделі орындардан көріне алмады.
Осылайша, Қазақстан құрамасы олимпиада ойындарынан кейін өткен ресми турнирден үш медаль жеңіп алды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"

