Дзюдошы Абиба Абужақынова Душанбе қаласында өтетін Grand Slam турнирінде қола медаль үшін күреседі
Фото: olympic.kz
Тәжікстан астанасы Душанбе қаласында дзюдодан Grand Slam сериясындағы халықаралық турнир басталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бірінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасынан финалдық кезеңге тек бір спортшы өтті. 48 килограмм салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Абиба Абужақынова қола жүлде үшін белдесетін болады.
Жартылай финалда Абиба Қытай спортшысы Вэньне Чжуанға жол берді. Енді отандасымыз қола жүлде үшін таласта Өзбекстан спортшысы Улбусин Хакимовамен кездеседі.
Душанбедегі жарыста бозкілемге 66 килограмм салмақ дәрежесінде Нұрмұхаммет Ботабай шыққан еді. Отандасымыз жұбаныш белдесуіне дейін жетті, алайда ол финалдық белдесулерге өте алмады. Ол Түрікменстаннан келген Тойлы Мурадовқа есе жіберді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

