Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дзюдодан Қазақстан құрамасы командалық есепте әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Дзюдодан Қазақстан құрамасының балуандары әскери қызметкерлер арасындағы әлем чемпионатында командалық сында үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы  Stan.kz  ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дзюдодан Ташкентте әскерилер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық дзюдошылар командалық сында қола жүлдеге қол жеткізді. Дзюдшыларымыз қола жүлдені Италия құрамасына қарсы сарапқа салды. Тартысқа толы өткен белдесуде отандастарымыз Италия құрамасын 3:1 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Нұрқанат Серікбаев қарсылас шақ келтірмей, әлем чемпионы атанғанын және сол салмақтағы Шерзод Давлатовтың күміс жүлдегер атанғанын жазған едік. Сондай-ақ, Екатерина Токарева мен Кәмила Берліқаштың қола жүлдегер атанған еді.

Талқылау