Джошуа Ванның серпілісі UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингін өзгертті
Фото: UFC
Өткен демалыс күндері Лас-Вегаста өткен UFC 317 турнирінен кейін ұйым барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингтерді жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әсіресе өзгеріс жеңіл салмақта (57 кг дейін) байқалды. АҚШ-ты танытатын, тегі мьянмалық Джошуа Ван тәжірибелі Брэндон Ройвалды сенімді түрде жеңіп, рейтингте бірден 11 сатыға көтерілді. Осылайша, ол өз салмағында бірінші орынға шықты.
Бұл өзгерістердің әсерінен қазақстандық спортшы Асу Алмабаев бір позиция төмен түсіп, қазіргі таңда дивизионда тоғызыншы орынды иеленіп отыр. Дегенмен, бұл Асу үшін уақытша шегініс деуге болады, ол жақын арада өз орнын қайта қалпына келтіруге мүмкіндік алады.
Алмабаев келесі жекпе-жегін 26 шілдеде Абу-Дабиде өтетін UFC on ABC 9 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы – Өзбекстаннан келген Рамазан Темиров. Бұл айқас қазақстандық спортшы үшін рейтингтің алғашқы бестігіне қайта оралу жолындағы маңызды қадам болмақ.

"Ізімнен қалмай, бөксемді ұстады": Елордалық қыз сауда орталығында келеңсіз жайтқа тап болғанын айтты
