Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джонни Депптің әйелі алимент пен ажырасуға сотқа арыз берді

Актер Джонни Депптің әйелі Эмбер Хёрд сотқа ажырасу туралы арыз берді. Жұбайлар АҚШ-та жиі қолданылатын тәжірибе бойынша некелік келісім-шартқа отырмаған болып шықты.

12017398

Бірақ, Депп ажырасқан жағдайда адвокаты арқылы өзінің Хёрдке алимент төлемейтінін айтып жіберіпті.

Жалпы ажырасу туралы әңгіме болардың алдында Депптің анасы өмірден озған екен. Эмбер Хёрд өзінің арызында некені бұзудың себебін «бітіспес келіспеушіліктерге байланысты» деп жазған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін  басты рольдердің бірін Джонни Депп сомдаған «Алиса айнаның арғы бетінде» фильмі қазақшаға аударылғаны туралы жазған едік.

Жіберіп алмаңыздар:

Джонни Депптің әйелі 10 жылға түрмеге отыру жазасынан құтылып кетті

Джонни Депп қызының 24 жастағы жігітімен жүруіне қарсы

Талқылау