Джонни Депп қызының 24 жастағы жігітімен жүруіне қарсы
16 жастағы модель Лили Роуз Депп пен оның 24 жастағы жігіті Эша Стаймест біраз уақыттан бері кездесіп жүр. Жас жұптың бір-бірімен кездесіп, ара-қатынастарын күшейте бастауы әкесіне онша ұнамайтын сияқты.
Бұл туралы spletnik.ru хабарлайды.
Джонниді Эштың Лилиден үлкен екендігі уайымдататын секілді. Әкесі қызының жылдам өсіп, бойжеткенге айналғанын да байқамай қалған секілді.
Бір қарағанда жігіт Джоннидің 30 жастағы айнымас көшірмесі секілді. Сірә, қыздардың көп ретте әкесіне ұқсайтын жігіттерді таңдайтындығы бекер емес сияқты.
Алайда Джонни мен Ванессаның отбасылық жағдайлары сондай бір жарасымды бола қойды деуге келмейді. Екеуінің арасындағы араздық отбасылық құндылықтарға да кесірін тигізіп алуы мүмкін еді. Сол себепті Джонни қыздың бетінен қақпай өсірген Ванессадан Лилидің жауапкершілігін әке ретінде өз мойнына алуды сұраған. Тіпті әкесі қызымен оның жігіті туралы да жиі сөзге келіп қалады екен.
Эш мың жерден Джоннидің жастық шағын еске салса да, Лили әкесімен жеке өмірі туралы келісімге келе алар емес.