Фото: Global Look Press
UFC ұйымының аты аңызға айналған файтері Джон Джонс 2026 жылы АҚШ президентінің резиденциясы – Ақ үйде өтуі мүмкін тарихи турнирге қатысып, кіммен жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
АҚШ президенті Дональд Трамп бұған дейін 2026 жылы UFC турнирлерінің бірі Ақ үй аумағында ұйымдастырылуы мүмкін екенін мәлімдеген еді. Бұл жаңалықтан кейін Джон Джонс үлкен спортқа қайта оралу туралы шешім қабылдады.
"Мен жыл соңында чемпион кім болатынына байланысты шешім қабылдаймын. Қазіргі таңда белбеу Том Аспиналдың еншісінде, бірақ жылдың соңына қарай кімнің чемпион болатынын көрейік. Мұндай тарихи күнде титул үшін жекпе-жекке америкалық қатысқаны дұрыс болар еді. Бұл өте әсерлі болмақ. Уәде бере алмаймын, бірақ ішкі түйсігім менің бұл кардта болатынымды сезіп тұр", – деді Джонс Joy of Everything басылымына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Джонс 2024 жылы Том Аспиналмен титул үшін кездесу өткізуі керек еді. Алайда жарақатына байланысты мансабын аяқтағанын мәлімдеп, чемпиондық белбеуден бас тартқан.
Дональд Трамптың айтуынша, Ақ үй маңындағы алаңқайда 20-25 мың көрерменге арналған арнайы ринг орнатылып, толыққанды UFC турнирі өтеді.