Джейкобс Головкинмен қайта жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) шаршы алаңда тағы бір рет кездескісі келетінін айтты.
Бұл туралы Sports.kz басылымы хабарлайды.
“Мен Канело” – GGG жұбының жеңімпазымен бәсекеге түскім келеді. Себебі, олардың екеуі де – дивизиондағы үздіктер. Оларға өзімнің қаншалықты мықты екенімді дәлелдегім келеді. Егер Головкинмен реванш болмайтын болса, оны ешкімнен сұрамаймыз. Проумоутерім Эдди Хирном мен HBO дұрыс позицияны ұстанамыз. Десе де, GGG-мен жекпе-жек өткізгім келеді”, – дейді Джейкобс.
Естеріңізге сала кетсек, Головкин-Джейкобс жекпе-жегінде жеңіс отандасымызға бұйырған болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Абай Төлеш Қазақстан чемпионатында алтын жүлдеге ие болды
Ниязымбетов финалға қатыспай-ақ Қазақстан чемпионы атанды
Ержан Залилов Латвиядағы бокс кешінде тоғызыншы рет нокаутпен жеңді
Қазақстаннан шыққан америкалық полицей кәсіпқой бокстағы 13-ші жеңісіне жетті