Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертінің билет бағасы жарияланды
Фото: https://www.instagram.com/jlo/
Әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің Алматы қаласында өтетін концертіне билет қанша теңгеден сатылатыны мәлім болды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бағаны ticketon.kz сервисі жариялады. Билеттер 28 мамырдан бастап сатыла бастайды.
Дженнифер Лопес ән шырқайтын сахнаның дәл алдында орналасқан VIP-аймақтағы орындар 180 мың теңге тұрады. Сахнаға жақын орындарға билет арзанырақ – 160 мың теңге.
120 мың теңгеге Fan zone мен сахнаның екі жағындағы орындарды таңдауға болады. Dance floor секторына билет 90 мың теңге тұрады. Сахнадан алыс орналасқан секторлардағы орындар құны 40 мың мен 80 мың теңге аралығында сатылады.
-
"Астанаға қайтарымсыз билет алдық": Дженнифер Лопестің алматылық жанкүйерлері наразылық білдірді
-
"Қуана-қуана билет алдым": Аида Балаева әнші Дженнифер Лопестің концертіне баратынын айтты
Айта кетейік, Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті Орталық стадионда өтетін болды.
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертін ұйымдастырушылар First Media Group және CA Entertainment компаниялары "Қайрат" футбол клубы және спорттық нысандар дирекциясымен бірлесе отырып, "Қайрат" – "Жеңіс" матчын 2025 жылдың 21 қыркүйегіне ауыстыру туралы келісімге келді.

"12 жыл күттік": Қазақстандық әйел мемлекеттен тегін 10 соттық жерді қалай алғанын айтып берді
