Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті Орталық стадионда өтетін болды

Фото: tass.ru

Алматыдағы 10 тамызға жоспарланған Дженнифер Лопестің концертінің ұйымдастырушылары Алматы қаласының спорт нысандары дирекциясы және "Қайрат" футбол клубының басшылығымен келісімге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұған дейін "Қайрат" футбол клубы 10 тамызда, концерт өтетін күні, орталық стадионда маңызды ойын жоспарланғанын хабарлаған еді.

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертін ұйымдастырушылар First Media Group және CA Entertainment компаниялары "Қайрат" футбол клубы және спорттық нысандар дирекциясымен бірлесе отырып, "Қайрат" – "Жеңіс" матчын 2025 жылдың 21 қыркүйегіне ауыстыру туралы келісімге келді.


"500 мың теңге": Алып-сатарлар Дженнифер Лопестің концертіне билет сатып жатыр

Дженнифер Лопестің Астанадағы концертінен еліміз қанша табыс табатыны белгілі болды


"Бұл шешім Дженнифер Лопестің концертін бұрын жарияланған мерзімде өткізуге мүмкіндік береді және футбол мен мәдени іс-шара көрермендері үшін қолайлы жағдайды сақтап қалуға септігін тигізеді", – делінген хабарламада. 

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне билеттер 28 мамыр күні сағат 10:00-ден бастап сатылымға шығады. Билет бағасы 40 мың теңгеден басталады.

Еске салсақ, бұған дейін Дженнифер Лопес 1 тамыз күні Астанада концерт өткізетіні туралы жазған едік. 

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 27 Мамыр, 2025 19:57
Талқылау