Дженнифер Лопеске үш дана раушан сыйлаған қазақстандықтың әрекеті желіде қызу талқыға түсті
Фото: Әлеуметтік желіден
1 тамыз күні әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің көптен күткен концерті Астанада өтті. Тыңдарманын сұлулығымен, талантымен тәнті еткен өнер иесіне қазақстандық жігіт үш дана раушан сыйлап, көптің талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сахнада ән айтып тұрған Дженнифер Лопес қазақстандықтың ұсынған қарапайым қаптамадағы үш дана раушан гүлін ризашылықпен қабыл алды. Бұл видеоны әлеуметтік желіде қыздар өзінше трендке айналдырды.
“Сен қаншалықты сұлу, ақылды, өнерлі болсаң да, сені үш тал раушан гүліне лайық көретіндер табылады”, – деп жазды қыздар.
Алайда көбі өнер жұлдызының гүл шоғын ризашылықпен қабылдағанына, оның қарапайымдылығына тәнті болды.
“Қалай қуанғанын көрдіңдер ме? Керемет жан”, “Тіпті Jlo-ның өзі сыпайы қабыл алды. Бірақ басқаларының көңілнен шықпапты”, “Бастысы – көңіл, гүл қалай құшағына қысқанын көрдіңдер ме?”, “Үш тал гүлді тәкаппарланбай-ақ алды”, – деп жазды желі қолданушылары.
@yasmin.ashakhanova ♬ If You Had My Love - Jennifer Lopez
Кейін әртіске қарапайым гүл шоғын ұсынған Мадияр Мулдашев есімді жігіт не себепті үш тал раушан гүлін сатып алғанын түсіндірді.
“Бірінші қатарға таласып жүргенде үлкен гүл шоғы шыдамай, жаншылып қалады ма деп үш раушан гүлді алдым. Ал кішкендай гүлдер жіңішке әрі жеңіл болды. 8 сағат далада, 4 сағат адамдардың арасында тұрсам өз қалпынсақтады”, – деп түсіндірді жігіт өз әрекетін.
Мадияр концерт кезінде Дженнифер Лопеспен сурете түсіп те үлгерген.
Фото: Әлеуметтік желіден

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
