Дженнифер Лопестің Астана әуежайындағы видеосы тарады
Фото: Видеодан скриншот
Желіде Астанаға келген Дженнифер Лопестің әуежайдағы видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан әйгілі жұлдыздың күзетшілерімен жүргенін және халыққа қол бұлғап жатқанын көруге болады.
Естеріңізге сала кетсек, 1 тамыз күні әлемге танымал америкалық әнші Дженнифер Лопес Астана-Аренада концерт қояды.
Айта кетейік, бұған дейін Дженнифер Лопес ән шырқайтын сахнаның дәл алдында орналасқан VIP-аймақтағы орындар 180 мың теңгеге сатылғанын жаздық. Сахнаға жақын орындарға билет арзанырақ – 160 мың теңге. 120 мың теңгеге Fan zone мен сахнаның екі жағындағы орындар болды. Dance floor секторына билет 90 мың теңге тұрады. Сахнадан алыс орналасқан секторлардағы орындар құны 40 мың мен 80 мың теңге аралығында сатылды.
Одан кейін ұйымдастырушылар Дженнифер Лопестің концертіне ертерек келуді ескертті.
“Бұл біздің осындай деңгейдегі алғашқы концертіміз екенін ескерсек, стадионға қай уақытта келу керек екені өзекті сұрақ. Егер 25 000 адам сағат 19:00-ге бір уақытта келсе, "Астана Аренаның" кіреберісі барлық көрерменнің жылдам өтуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан есік сағат 16:30-да ашылады. Әр көрерменнің кіру процесі уақыт алады, оны көрермендер санына көбейтсек – кемінде 3 сағат кетеді. Сондықтан ертерек келуді өтінемін", – деп жазды Мәлік Хасенов.

Үлескерлерге қатысты заң өзгереді, Трамптың 25%-дық баж салығы күшіне енеді: Қазақстанда 1 тамыздан бастап не өзгереді
