Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан мен Димаш сахнада ән шырқады

Қазақстан-Қытай кинофестивалінің ашылу салтанатына арнайы келген Джеки Чан мен Димаш ән айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20170607180010

Қытайлық актер ашылу салтанатына қонақкәде ретінде қытай тілінде «Отан» әнін айтып берді. Джеки Чан мұның патриоттық ән екенін, әрбір адам өз отанын сүю керек екендігін тілге тиек етті.

Джеки Чанның ән орындап болған соң қазақ әншісі Димаш Құдайберген сахнада «Singer» байқауында шырқаған қытайша «Күзгі мұң» әнін орындады.

Бүгін түнде әлемдік актер, каскадёр, кинорежиссёр, кинопродюсер, сценарист, әнші, миллиондаған көрерменнің сүйіктісіне айналған аңыз адам Джеки Чан Астанаға ат басын бұрды.

20170607175415

Еске сала кетсек, Қытайда “I am singer” жобасына қатысқан уақытта Димаш Құдайберген туралы Джеки Чан естіп, әншіні кездесуге шақырған болатын. Ол Димашқа жылы лебізін білдіріп, эксклюзивті күртешесі мен арнайы фирмалық ән тыңдау құрылғысын сыйға тартқан еді. Өз кезегінде Димаш әйгілі актердің иығына қазақтың шапанын жауып, домбыра тарту етті.

Айта кетейік, 7 маусымда Астанада қытай киносы фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Шараның арнайы қонағы – әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытайлық актер, кинорежиссер, кинопродюсер Джеки Чан. Фестивальдің ашылуында ол “Кунг-фу йога” фильмін ұсынбақ.

“Қазтелефильм” мен “China film group” киносүйер қауымға соңғы жылдардағы үздік қытай фильмдерін ұсынады. Барлығы фестиваль бағдарламасы бойынша 7 —18 маусым аралығында 6 фильм көрсету жоспарланған.

Тағы да оқыңыздар:

Джеки Чан: Димаш керемет киноактер бола алады

Джеки Чан Қазақстанда фильм түсірмек

Димаш Құдайбергенов: Менің Қытай туралы танымым Джеки Чан киноларынан басталған

Талқылау