"Душ дұрыс істемейді, судың ағысы баяу": Желіде атышулы Отар әскери бөлімшесінің жағдайы талқыланды (видео)

Желіде Жамбыл облысы Отар әскери бөлімшесінде түсірілген видео тарады. Кадрдан дұрыс жұмыс істемей тұрған душты, ал судың сылбыр ағып тұрғанын байқауға болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысы Отар әскери бөлімшесінде түсірілген видеоны журналист Тимур Асылханов Instagram парақшасында жариялады. Кадрдан дұрыс жұмыс істемей тұрған душты, оның әбден ескіргенін байқауға болады. Сондай-ақ одан су сылбыр ағып тұр, ыстық су жоқ.
"Қол астындағы қызметкерді қорқытқан": Даулы видеодан кейін Қорғаныс министрлігі тексеріс бастады
2026 жылғы бюджет шығысы: Медицина, білім және қорғаныс саласына қанша қаражат бөлінген
Журналист бөлімше қызметкерлерінен: “Душтардың жағдайын қадағалап отырасыздар ма?” деп сұрайды.
Ал бөлімше қызметкерлері: “Қазір жоспар бойынша жөндеу жұмыстары жүріп жатыр” деп жауап береді.
Десе де журналист душты қосып, тексеріп көруді сұрайды.
Фото: Видеодан скрин
“Су тым суық. Ал судың ағу қарқыны өте баяу. Мұндай қарқынмен, жуынуға 1 сағат та аз болады. Су суық, душтар дұрыс жұмыс істемей тұр. Үшінші бөлімдегі буы бар монша керемет, оған сөз жоқ. Алайда мына душтарды міндетті түрде жөндеуден өткізу керек. Себебі біз моншаны тазаланатын жер деп атаймыз. Ал мына жерде кір де шайылмайды ғой”, – дейді журналист.
Ал бөлімше қызметкерлері душты сарбаздар кірмей тұрып алдын ала қосып қоятынын айтты. Оның үстіне, жуынуға арналған тегенелер де бар екенін жеткізді.
Желіде қызу талқыға түскен сынға кейіннен бөлімшнің әскери қызметкері жауап берді. Ол өз әріптестерімен бірге бөлімшедегі моншаның қазіргі жағдайын көрсеткен. Әскери қызметкер видео түсіріп, онда қызметкерлер үшін бар жағдай жасалғанын айтқан.
Фото: Видеодан скрин
“Ол кезде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан еді. Қазір жуынатын бөлмедегі душтар толыққанды жұмыс істеп тұр. Ыстық су қосылып тұр, ал ағысы жақсы. Бөлім сарбаздарына арналған арнайы булы монша да бар. Бұл жерде сарбаздар аптасына бір рет жуынады”, – деді әскери қызметкер.
Еске салайық, бұған дейін Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы 2025 жылы Қорғаныс министрлігінің шығындары 666 миллиард теңге болатынын айтқан еді. Оның сөзінше, министрлік шығыны 2024 жылы 565 миллиард теңге болса, 2025 жылы 666 миллиард теңге болады.
Ал Қаржы министрі Мади Такиев 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасын таныстыру кезінде күштік құрылымдарды қаржыландыруға келер жылы 3 триллион теңге бөлінетінін айтқан. Бұл 2025 жылмен салыстырғанда 335 миллиард теңгеге артық дейді.
Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрі әскердегі өлім-жітім туралы сұрақ қойылғанда күліп жібергені туралы жазған едік.
Екі күнде үш рет төтенше жағдайда қонды: Авиация сарапшысы қыс мезгілінде ұшудың қаншалық қауіпті екенін айтты