Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дүниежүзілік банк Түркияға 1,78 млрд доллар бөледі

Дүниежүзілік банк Түркияға 1 млрд 780 млн доллар жіберетінін мәлімдеді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.


"Табиғат апатының ауқымын бағалау және бірінші кезекте қалпына келтіріліп, қайта құруды қажет ететін облыстарды анықтау үшін залал көлемін жедел бағалау басталды", - делінген банк мәлімдемесінде. 

Қаражат Түркияны қалпына келтіру жұмыстарына бағытталады. 

"Дүниежүзілік банк бүгін адамдардың жаппай өліміне, жаралануына және Түркияның оңтүстік-шығысы мен оның айналасына айтарлықтай залал келтірген зілзала мен одан кейінгі жерасты дүмпулерінен соң қалпына келтіру жұмысы мен көмек көрсетуге $1,78 млрд бөледі”, - деді Дүниежүзілік банк басшысы Дэвис Малпасс.  

Бүгінгі таңда Дүниежүзілік банк табиғат апаттарын реттеудегі халықаралық тәжірибесіне сүйене отырып, бірінші кезекте қалпына келтірілуі тиіс облыстарды және апаттың ауқымын анықтау мақсатында залал шығынын жедел бағалауға кірісті. 

Талқылау