Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дулат Ағаділдің өліміне қатысты Тоқаев пікір білдірді

Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан тергеу изоляторында белсенді Дулат Ағаділдің қайтыс болуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тоқаев

"Үлкен қоғамдық резонансты ескере отырып, мен осы іспен мұқият танысып шықтым. Өкінішке орай, белсенді Ағаділ жүрек қантамырларының жеткіліксіздігі салдарынан көз жұмды деп сеніммен айта аламын. Бұған қарсы шығу заңға қарсы келумен тең. Кім болсын, қандай жағдайда қайтыс болсын ол, ең алдымен, адам. Адам өмірі бірегей және баға жетпес. Біз барлығымыз Жаратушының еркіне бағынамыз. Иманды болсын", - деді ҚР Президенті ақпараттық-талдау порталына берген эксклюзивті сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпанда активист Дулат Ағаділ Нұр-Сұлтан қаласының тергеу изоляторында көз жұмды. Бұған дейін хабарланғандай, астаналық полиция департаменті активист Дулат Ағаділдің қайтыс болуы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Нұр-сұлтан прокуратурада Ағаділдің өлімінің себебі - өткір жүрек-қантамыр дерті делінген.

Талқылау