Дубайлықтар Ерке Есмаханды тойға шақырды (видео)
“Алматыда жоқ-жоқ” деп әндетіп, мега жұлдызға айналған Ерке Есмаханды Дубай тұрғыны тойға шақырған. Бұл орайда әнші күні кеше ұлы Муслиммен бірге Біріккен Араб Әмірліктеріне аттанды, деп хабарлайды Stan.kz.
“Қазақтың тойы еш жерде бітпесін! Той – халықтың қазынасы! Шетелге келіп те, қазақтардың тойында қонақ боп жүрміз! Қазақ – он и в Дубае қазақ!” – деп бөлісті Ерке инста-парақшасында.
Желі оқырмандарының бір тобы Еркенің шетелде “шалқып” жүргеніне қызыға да, қызғана да қарады. “Мен де сонда барсам ғой”, – деп тіледі олардың басым бөлігі. Өз кезегінде Ерке де өзіне тілеулес жандарға ақ тілегін аямады.
“Мен сіздерге бақыт тілеймін! Ниеті түзу адамның бойында көреалмаушылық деген қасиет болмайды. Сондықтан, іштарлыққа бой алдырмайықшы… Адам өзгелердің бақытына шын қуанса, сол бақыт өз басына да келеді! Менің қуанышыммен бөлісіп, мұң шаққанда да үнсіз қалмайтын, өнерімді бағалап жүрген инста-достарым! Сіздер көбейіп жатсыздар! 2 млн 500 мың досым бар, иə, мен баймын! Ниеттес жандарға баймын деп ойлаймын! Өйткені Сіздерден күн сайын жақсы тілектер оқимын! Мен өнерімді дамытуға, еңбектенуге, теріс қылықтар көрсетпей, қазақ қызы деген атқа лайық боп жүруге тырысам! Бəріңізге қыстыгүні жаз көретін саяхат бұйырсын! Бəріңізді сүйдім!” – дейді Ерке әнші.
Жіберіп алмаңыз:
Танымал журналист ұлынан айырылып қалды
Сахнада тұрып кешірім сұраған Төреғалиді халық қолдап, қошемет көрсетті (видео)
2017 жылы атағы аспандап, сәтсіздікке ұшыраған танымал жұлдыздар (фото)
Ерке Есмахан өзін ренжіткен адамның жазаланғанын айтты