Дубайдағы зәулім ғимаратқа дрон соғылып, бір адам қаза тапты

Дубайда Иран ұшырған ұшқышсыз ұшу аппараты қаланың беделді ауданында орналасқан 90 қабатты 23 Marina тұрғын үй зәулім ғимаратына соғылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, соққы ғимараттың 88-қабатына тиген. Әлеуметтік желілерде зәулім ғимараттың жоғарғы қабаттарында өрт шығып, түтін көтерілгені көрінетін бейнелер жарияланды.
Ұшқышсыз аппарат соғылғаннан кейін тұрғындар ғимараттан шұғыл эвакуацияланды. Зәулім ғимаратқа өрт сөндіру қызметі мен жедел жәрдем көліктері келді. Жоғарғы қабаттардағы адамдар сыртқа шығарылып, аудан уақытша қоршауға алынды.
Иранның мемлекеттік телеарнасы Дубайдағы зәулім ғимаратқа жасалған дрон шабуылының болжамды салдары көрсетілген бейнені жариялады. Сондай-ақ Иран мемлекеттік телеарнасы бұл ғимарат Израиль мен АҚШ қарулы күштері үшін паналау орны болған деп мәлімдейді.
Baza хабарлағандай, Дубай үкіметі бір адамның қаза тапқанын растады. Билік мәліметінше, әуе нысанын сәтті тосып алу кезінде пайда болған сынықтар Әл-Барша ауданындағы көлікке құлаған.
"[Нысанды] сәтті тосып алу нәтижесінде пайда болған сынықтар Dubai Marina ауданындағы биік ғимараттың қасбетіне зақым келтірді", – делінген үкіметтің баспасөз қызметі хабарламасында.
Сынықтардың көлікке құлауы салдарынан жүргізуші қаза тапты. Оның шетелдік азамат болғаны хабарланды. Сондай-ақ куәгерлер Dubai Hills көпірінде дронның бір сынығы көлікке тигенін айтқан.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік