"Дубайдағы қызметім үшін": Атышулы блогер Мадлен күтпеген мәлімдеме жасады
Танымал блогер Мадинахон Мамадалиева шуға ұласқан салық төлеу мәселесіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/_m_a_d_l_e_n/?hl=ru
Блогер Instagram парақшасының stories бөлімінде өзі туралы жұрттың ойын күтіп отырғанын айтты. Салықтан жалтарып жүргендердің тізімінде атышулы блогер де бар еді.
"Оқырмандарым мені Дубайдағы “қызметім” үшін қолма-қол ақша алады деп ойлай ма әлде шынымен де блог арқылы ақша табады ма екенмін? Кімнің не дейтінін күтіп отырмын. Кімге қайсысы ыңғайлы", – деп жазды Мадлен.
Еске салайық, әзілкеш стендап сахнасында жемқорлық туралы әзіл айтып, көрерменді күлдіргенін және сөз арасында Мадлен блогердің атын айтқанын жаздық. Оның “ақшаны ұрлауды жалғастыра бересің. Сосын Дубайға қыдырып, Мадлен сияқты блогерлермен жатып, демаласың” деген әзілі көпшіліктің және блогердің ашуын тудырған еді.
Фото: https://www.instagram.com/_m_a_d_l_e_n/?hl=ru
Бұған дейін желіде салықтан жалтарған отандық блогерлер мен шоу-бизнес өкілдерінің тізімі пайда болғанын жазған едік.