Дубайда шейхтер кешінен кейін мүгедек болып қалған украиналық модель есін жиды
Дубайда мүгедек болып қалған модель Мария Ковальчукке ота жасалып, есін жиды. Оның құрбысы қыздың емі сәтті болса, сөйлесе алатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі aif.ru басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
29 наурызда Мария Ковальчук сәтті отадан кейін есін жиғаны белгілі болды.
"Иә, Маша ақыры есін жиды. Жақында жасалған ота сәтті өтті, қазір тағы екеуі бар", – деді Ковальчук отбасының досы.
Алайда Ковальчук оған кім жарақат салғанын толық айта алмайды екен.
Мария Ковальчукпен болған қайғылы оқиғадан кейін анасы Анна қызына қолдау көрсету және қажет емді ұйымдастыру үшін дереу Дубайға ұшып кетті. 22 наурызда Анна отбасына ешқандай көмек, оның ішінде қаржылық қолдау қажет емес екенін мәлімдеді. Алайда Марияның оқиғасы БАҚ пен желілерде қызу талқылана бастағанда оның достары модельдің отбасын қолдау үшін қаражат жинау шарасын ұйымдастыруды ұйғарды. Өйткені ота құны өте жоғары.
Аннаның өзі тергеу аяқталғаннан кейін ғана баспасөзге түсініктеме беретінін мәлімдеді.
"Машаға қатысты айтылған айыптарға сенбеңіздер. Ғаламторда фотошоп пен жалған ақпарат көп. Адамдар өзгенің мұңынан ақша табады! Бірақ бәрімізді Құдай көріп тұр. Бізді қаржылай қолдауларыңызды сұраймын. Рахмет”, – деді Анна.
- Дубайда шейхтардың кешіне барған модель Мария Ковальчуктың ісіне қатысты жаңа мәліметтер пайда болды
Дубайдың жетекші клиникаларында хирургиялық процедуралардың орташа құны 20 000 доллардан 50 000 долларға дейін. Сонымен қатар емдеу-сауықтыру және психологиялық көмекті қоса алғанда, дәрі-дәрмекке, диагностикаға және ұзақ мерзімді оңалтуға кететін шығындарды ескеру қажет.
Дубай клиникаларында аяқ-қол сынықтарына ота құны 8200 доллардан басталады. Жамбас сүйектерін ауыстыру құны 30 000 доллардан 34 000 долларға дейін жетеді.
Ковальчукқа медициналық көмек сақтандыру бойынша емес, туриске қатысты болғандықтан, қымбатқа түсіп жатыр.
БАӘ-де сақтандырусыз шетелдіктер медициналық қызметтерді тек ақылы негізде алады, ал туристер үшін ота құны тұрғындарға қарағанда айтарлықтай жоғары. Барлық шығынды науқас көтереді – ауруханаға жатқызу, ота, дәрі-дәрмек және кейінгі оңалту.
Еске салайық, бұған дейін Ковальчук "Порто-Пати" деп аталатын VIP кештерінің қатысушысы болуы мүмкін деген болжам айтылған еді. Мұндай кештерде азғындық пен зорлық-зомбылық жиі болады. Жақындары оны әдейі осындай кешке шақырған болуы мүмкін деп санайды. Модель мұндай іс-шараға қатысқаны үшін ондаған мың доллар табыс табуы мүмкін екені де айтылды.
19 наурыз, сәрсенбі күні, 20 жастағы украиналық модель Мария Ковальчук, туыстарымен бір аптадан астам уақыт байланысқа шықпағаннан кейін, Дубайдағы клиникалардың бірінде жансақтау бөлімінен табылды. БАҚ мәліметтері бойынша, жоғаларынан бір күн бұрын ол модельдік индустрияға қатысы бар деген белгісіз екі ер адаммен бірге кешке барған. Кейін ол көшеде аяқ-қолы мен омыртқасы сынған күйде табылды.