Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дубай мен Доха қалаларында қалып қойған қазақстандықтар елге жеткізілмек

Фото: pixabay.com

25 маусымда отандық SCAT және Air Astana әуе компаниялары адамдарды эвакуациялау үшін Дубай мен Дохадан Алматы мен Астанаға алты рейс жасайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Көлік министрлігінің мәліметінше, ұшақтар алты мемлекеттің (Иран, Израиль, Ирак, Иордания, Сирия және Ливан) әуе кеңістігін айналып өтпек.

"Мәселен, "Эйр Астана" 25 маусымда Дубайдан Алматы мен Астанаға, Дохадан Алматыға рейстерді орындайды. Әуе компаниясы бұрын тоқтатылған рейстерден жолаушыларды эвакуациялау үшін қосымша репатриациялық рейстерді ұйымдастырады", – делінген хабарламада. 



SCAT әуе компаниясы Катар мемлекетінен азаматтарды эвакуациялауды бастады. Доха-Алматы бағытындағы алғашқы рейс 25 маусым Катар уақытымен 07:35-те бортында 213 жолаушымен ұшты. Сондай-ақ бүгін Доха-Астана рейсі орындалады,. Дохадан ұшу Катар уақытымен 14:30-ға жоспарланған.

Жолаушылар саны – 290. Азаматтарды эвакуациялау үшін келесі жоспарлы чартерлік рейстер орындалады:

  • 27.06.25 – Доха – Астана;
  • 29.06.25 – Доха – Алматы.

Айта кетейік, елімізден шетелге шықпақ болған адам саны 683 болса, шетелден елге оралатын адам саны – 1051 адам. 

"Осыған байланысты қазақстандық әуе компаниялары қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Дубай мен Доха қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты. Жалпы алғанда бұл жағдай 1 734 жолаушыға әсер етті", – деп мәлімдеді көлік министрлігі.

Министрлік өкілдерінің хабарлауынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жолаушылар ыстық тамақпен, қонақүй және трансфермен қамтамасыз етілді.

Еске салайық, бұған дейін Израиль-Иран қақтығысына байланысты Дубай мен Дохадан жүздеген қазақстандық елге жете алмай отырғаны хабарланған еді. Жолаушылар арасында нәрестелер мен қарттар да бар.

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 25 Маусым, 2025 12:24
Талқылау