"Досымыздың інісі мен келіні": Жазира Байырбекова болашақ құда-құдағиы Жанболат Ерболатовтан 11 жас кіші екенін айтты

Жақында бейнебаян арқылы көпшілікке болашақ келінін көрсеткен әнші Жазира Байырбекова құдалары жайлы тіл қатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, шаңырағындағы қуанышына жылы тілек тілеп жатқандарға алғыс білдірді. Сондай-ақ ол болашақ құда-құдағиын 15 жылдан бері танитынын айтты.
“Біздің отбасымызға тілекші болып жатқандарыңыз өздеріңізге де жұғысты болсын.
Болашақ құдағиым Лизаның сұлулығына осыдан 15 жыл бұрын таңғалғанмын, таңғалмайтын адам жоқ шығар. Құдам да өте сымбатты жігіт. 15 жылдан бері танимыз, ал келініммен жақында таныстық”, – деп жазды ол.
Әншінің сөзінше, құда-құдағиымен жас айырмашылығына тоқталды.
“Құдам мен құдағиым Жанболаттан 11 жас, менен 7 жас кіші. Достарымыздың інісі мен келіні”, – деп жазды ол.
Жазира Байырбекова бұған дейін тойда киіт кигізу салты болмайтынын айтқан еді.
“Киітсіз қандай той болады деген сұрақ көп екен. Киітсіз дегеніміз киілмейтін мата-сата ғой. Басқа кәденің (қалыңмал, ана сүті, алтындар, шапандар, қоржын) бәрі, әрине, болады. Алла қаласа сіздердің дұға тілектеріңіздің арқасында бәрі жақсы өтеді. Рақмет”, – деп жазды ол.
2026 жылға арналған Ораза кестесі жарияланды
Айта кетейік, бұған дейін жақында жұлдызды жұп Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекованың шаңырағында той болатыны хабарланған еді.
Қазақстандықтардың зейнетақылары нашар басқарылады: Зейнеткерлер қазір онсыз да кедей, тағы кедейлене түсе ме