Досаевтың бұрынғы кеңесшісі Әлия Адамбаева президенттік бастамалар қорының президенті болып тағайындалды

Фото: "Dara" президенттік бастамалар қоры
Досаевтың бұрынғы кеңесшісі Әлия Адамбаева "Dara" президенттік бастамалар қорының президенті болып тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қордың жаңа президентінің медиа, мемлекеттік сектор және қаржы саласында 25 жылдан астам еңбек өтілі бар. Әлия Адамбаева "Dara" президенттік бастамалар қорының президенті болып тағайындалды. Бұл шешімді ұйымның қамқоршылық кеңесі қабылдады.
Әлия Адамбаева – медиа, мемлекеттік басқару және қаржы салаларын қоса алғанда, әртүрлі секторларда 25 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Әр жылдары ол:
- "Алматы қаласын дамыту орталығы" АҚ басқарма төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі,
- Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіндегі ақпарат және коммуникациялар департаментінің директоры,
- Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары,
- сондай-ақ Алматы қаласының бұрынғы әкімі Ерболат Досаевтың кеңесшісі қызметтерін атқарған.
Бұған дейін ол елдегі жетекші іскерлік және қоғамдық-саяси бұқаралық ақпарат құралдарында редакторлық және басқарушылық лауазымдарда еңбек еткен.
-
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
-
Ең көбі 528 миллион теңге: Қазақстандық депутаттардың табыс декларациялары жарияланды
Әлия Адамбаева "Журналистика" мамандығы бойынша жоғары білім алған. Сондай-ақ экономика және бизнес магистрі дәрежесіне ие. Бұған қоса, MBA және Executive MBA бағдарламалары бойынша білімін жетілдірген.
Еске салсақ, бұған дейін Ерболат Досаев "Бәйтерек" холдингінің директорлар кеңесіне кіргені туралы хабарлаған едік.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты