Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Қайрат” футбол клубы түрмеде отырған Қайрат Боранбаевтың меншігінде қала бермек

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев “Қайрат” футбол клубының болашағы туралы айтты. Сөзінше коммуналдық меншікке берілмейді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қайрат

"Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы" брифингте Ерболат Досаев “Қайрат” футбол клубының болашағы қандай болатынын да айтты. 

"Қайрат" – іс жүзінде қаланың игілігі. Елдегі ең көне футбол клубы. Әзірге клуб коммуналдық меншікке берілмейді. Басқа шешімдер болған жоқ. Меншік иесінен өтініштер түскен жоқ. Қала тарапынан біз "Қайрат" балалар-жасөспірімдер мектебін жыл сайын қаржыландырудамыз. Клубтың өзі өмір сүруді және дамуды жалғастыруда. Және Қазақстан чемпионатына қатысады”, – деді әкім. 

Сондай-ақ Ерболат Досаев егер қаржыландырудың жетіспеушілігі  және басқа да мәселелер болса, оны заңнамада белгіленген тәртіппен қарайтынына да тоқталды.

Еске салайық, бұған дейін клубтың қала меншігіне қайтарылатынын жазған едік.

Олжас Нұржақып
Бейсенбі, 22 Маусым, 2023 12:26