"Дос болып қала береміз": Қуаныш Бейсек жары Ғазиза-Таңшолпан Тілеубаймен ажырасып кетті
Танымал режиссер Қуаныш Бейсек жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Отандық режиссер Instagram парақшасында жары, актриса Ғазиза-Таншолпан Тілеубаймен ажырасқанын хабарлады.
“Ғазиза екеуміз маңызды жаңалығымызды бөліскіміз келеді. Біз енді ерлі-зайыпты емеспіз. Дегенмен, біз жақсы достар болып қала береміз және қызымыздың ата-анасы ретінде әрдайым бірге боламыз", – деп жазды режиссер.
Айта кетейік, Қуаныш Бейсек пен Ғазиза-Таншолпан Тілеубай 2023 жылдың 25 сәуірінде некелерін қиған еді. Ал 2024 жылдың қаңтарында жұлдызды жұптың Ғайнижамал есімді қызы дүниеге келді.
Фото: Жеке парақшадан алынды
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"