Допинг дауына іліккен Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпионы атағын сақтап қалды
Фото:Topranking
Қазақстандық кәсіпқой боксшы, IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы рейтингтегі өз орнын сақтап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ бойынша спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Аталған тізімде Жәнібек Әлімханұлы өз дивизионында бірінші орындағы позициясын сақтап қалған.
Сондай-ақ IBF рейтингінде тағы бір қазақстандық боксшы екінші жартылай жеңіл салмақта өнер көрсететін Сұлтан Зауырбек үшінші орынға жайғасты.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы 2025 жылдың желтоқсан айында допинг дауына ілігіп, үш чемпиондық белбеуді біріктіруге тиіс болған жекпе-жегі өтпей қалған еді.
Осыдан кейін Әлімханұлы мен оның командасы тыйым салынған заттарды қолданбағанын мәлімдеп, В-пробаны қайта тексеруді талап етті.
8 қаңтар күні спортшының В-сынамасы ашылды. Алайда әзірге ресми қорытынды жарияланған жоқ.
Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы ісінің қорытынды тыңдалым күні белгілі болды
“Екінші сынама бүгін Америкада ашылды”: Жәнібек Әлімханұлының менеджері мәлімдеме жасады
Ал 10 қаңтарда Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков Жәнібек Әлімханұлының В-пробасына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
Белгілі болғандай, бұл іс бойынша қорытынды отырыс 19 қаңтар күні өтеді.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты