Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы ісінің қорытынды тыңдалым күні белгілі болды

допинг дауыФото:Theranking

Қазақстандық кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг ісі бойынша негізгі тыңдалымның уақыты белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Белгілі болғандай аталған іс бойынша қорытынды отырыс 19 қаңтар күні өтеді.

Тыңдалымның нақты уақыты мен өтетін орны белгіленген рәсімдерге сай барлық мүдделі тараптарға қосымша түрде хабарланбақ.

Кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахимжан Ерденбеков бұл іске байланысты соңғы шешім қабылданғанға дейін қандай да бір болжам жасап, көпшілік алдында пікір айту орынсыз екенін атап өтті. Оның айтуынша, процестің әділ өтуі үшін сабыр сақтап, ресми шешімді күту қажет.

Федерация өкілдері істің қаралуы қолданыстағы ережелерге, әділ сот қағидаттарына, спортшының кінәсіздік презумпциясына және халықаралық антидопинг талаптарына толық сәйкес жүргізілетінін мәлімдеді. Осы себепті ресми үкім шыққанға дейін түрлі қауесет пен біржақты тұжырымдарға жол берілмейтіні ескертілді.

Сондай-ақ ұйым спорттағы адалдықты сақтау, спортшылардың заңды құқықтарын қорғау және тәуелсіз институт ретінде жауапкершілікпен жұмыс істеу ұстанымынан айнымайтынын жеткізді.


“Екінші сынама бүгін Америкада ашылды”: Жәнібек Әлімханұлының менеджері мәлімдеме жасады


Істің одан арғы барысына қатысты барлық ресми мәліметтер тиісті тәртіппен жарияланып отырады.

Ақерке Өмірхан
Дүйсенбі, 12 Қаңтар, 2026 10:30