Допинг анықталды: Сенсациялық жеңіліске ұшыраған Ангелина Лукас күтпеген мәлімдеме жасады
Фото:Спортшының жеке парақшасынан
Мысырда өткен жекпе-жекте америкалық боксшы Кэтрин Ренеге төрешілер шешімімен жеңілген қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас күтпеген мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарллайды.
Бұл Лукастың мансабындағы екінші жеңіліс ретінде тіркелген еді.
Алайда Ангелина Лукас қазақстандықтарға арнаған үндеуінде жекпе-жектің әділ өтпегенін айтып, бірнеше маңызды жайтты атап өтті.
“Құрметті қазақстандықтар! Мен сіздерге жекпе-жектен бірнеше видео бөліскім келеді. Рингте нағыз соғыс болды, мен туымыз үшін, сен үшін, еліміз үшін соңына дейін күрестім. Бүгінгі жекпе-жек ресми түрде "тарихта болмаған" деп жарияланды. Қарсыластың жеңісі есептелмеді, ол допинг-сынамадан өте алмады, төреліктегі қателер анықталды. Бірақ ең бастысы, мен әр раундта әділ, ашық және соңғы секундқа дейін күрескенімді білемін. Маған сеніп, қолдап жүргендердің барлығына рахмет”, – деді Ангелина Лукас.
Белгілі болғандай Мысыр астанасында өткен 10 раундтық кездесу ресми түрде жоққа шығарылды. Бұған дейін Ангелина Лукастың бұл жеңілісі көпшілік арасында көп талқыланған еді. Өйткені Кэтрин Рене әлемдік рейтингтің алғашқы 30-дығына да кірмейді. Ангелина Лукас кәсіби рингте 15 рет жеңіске жеткен, оның сегізін нокаутпен аяқтаған. Сонымен қатар Ангелина Лукас IBO, WBF және WIBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы.
"Біреулер көрсін, гей болсын демейміз": Қазақстандықтар желіде ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қызу талқылап жатыр

