Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трампқа тағы қастандық жасамақ болған

Дональд Трамптың күзетшілері Трамптың гольф клубының сыртында тұрып, қастандық жасамақ болған автоматы бар адамға оқ атты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: AP/New York Post

Президенттікке үміткер Дональд Трамп гольф ойнап жатқанда клуб жанында атыс естілді. Трамп атыс болған жерден бірнеше жүз метр қашықтықта болды. Федералдық тергеу бюросы бұл оқиғаны "қастандық әрекеті" деп тұжырымдады.

Төрт сағат өткен соң Трамптың гольф клубының жанында көлікпен қашуға әрекеттенген ер адам ұсталған және гольф алаңының жанындағы бұталардан Калашников автоматы табылған. Ер адам қара Nissan көлігіне қарай жүгіріп, кетіп қалған.

Полицейлер ер адамды көрші округтегі тас жолда ұстады. Жергілікті полиция шерифінің айтуынша, құпия қызмет агенттерінің оқтары оған тимеген.

Бұталардың арасынан олар оптикалық көздеуіші бар АК-47 типті автомат, екі рюкзак және GoPro бейнекамерасын тапты. Федералдық тергеу бюросы Трампқа қауіп төніп тұрмағанын айтты. Ол гольф ойнаған кезде оққағарлары бір немесе екі адым алда тұратынын түсіндірді. 

Бірнеше жетекші америкалық телеарналар мен газеттер қастандық жасамақ болған адам 58 жастағы Райан Уэсли Рут екенін айтты. Ол Гаваи аралының тұрғыны екен.

Флорида штатының Мартин округінің шерифі Уильям Снайдер күдікті қамауға алу кезінде өзін сабырлы, еш эмоциясыз ұстағанын айтты.

"Ол не болғанын сұрамады. Айналасында мылтықтары бар полиция қызметкерлері, жарқыраған шамдар, көп нәрсе болып жатты. Бірақ ол сұрақ қойған жоқ", – деді шериф Снайдер.

Еске салсақ, бұған дейін Пенсильвания штатында сайлауалды науқанда сөйлеп жатқанында Трампқа қастандық жасалып, құлағына оқ тиді. Осыдан кейін АҚШ құпия қызметінің басшысы отставкаға кетті.

Талқылау