Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Дональд Трамптың журналисті зорлау ісі тоқтатылмайды: Сот адвокат арызын қанағаттандырусыз қалдырды

АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трамптың адвокаты жазған өтініш қанағаттандырылмады. Сот журналисті зорлау ісіне қатысты тергеуді жалғастырмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

трамп

Associated Press сайтының жазуынша сот Трампты айыптаған журналист арызын тоқтату туралы өтінішті қанағаттандырусыз қалдырған. Дүйсенбі күні экс-президент адвокаты Джо Такопина белгілі журналист, әрі жазушы Э. Джин Кэрроллдің осыдан 30 жыл бұрын зорлану фактісіне қатысты арызын толықтай жауып тастауды сұраған. Бірақ алғашқы сот отырысында-ақ судья Луис Каплан өтінішті кері қайтарды. 

Осылайша жәбірленуші сөзін тыңдауға көшті. Бұл сот отырысына Трамп қатысқан жоқ. 

Еске салайық бұған дейін журналист, жазушы Э. Джин Кэрролл АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампты 90-шы жылдары зорлады деп айыптаған. Тіпті іш киім сататын дүкенді бірге аралатып, арам пиғылын сол киіну бөлмесінде іске асырды деп мәлімдеді. Артынша сот бұл істің 30 жыл бұрын болуына байланысты азаматтық процесте қарауға шешім қабылдады. Егер жәбірленуші сөзі дәлелденсе Трамп айыппұл төлейді.

Олжас Нұржақып
Сейсенбі, 02 Мамыр, 2023 09:49
Талқылау