Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Дональд Трампқа заң бұзғаны үшін айып тағылды: Ары қарай не болады?

Дональд Трамп АҚШ тарихындағы Палата өкілдері заң бұзды деп айып таққан үшінші президент атанды. Трамп өз міндеттерін орындауды жалғастыра ма деген шешімді Сенат 2020 жылдың қаңтар айында қабылдайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеп. 

Екі бап бойынша айып тағылып отырған заң бұзушылыққа Конгресте екі рет дауыс беру өтті.

Бірініші, билікті теріс пайдалану туралы бап импичмент конгрессмендердің 230 дауысын жинаса, айтыптауға қарсы тарап 197 дауысты жинады.

Екінші, конгресс жұмысына кедергі жасау туралы айыптауда импичмент 229 дауыс жинады. Ал қарсы тарап 198.

Импичментті жариялау үшін екі баптың кез келгені бойынша 216 дауыс жинау жеткілікті болды.

Дауыс беру кезінде демократтар өкілдері палатасында Дональд Трампты биліктен шеттету әрекетінен бас тартпайтынын түсіндірді. Дегенмен, бұл дауыс беру Құрама Штаттардың президенті өз қызметінен кетуі тиіс дегенді білдірмейді. Ал ресми жарияланған импичмент Трампқа қайта сайлауға түсуге кедергі келтірмейді.

Өткен дүйсенбі күні конгрессте демократтар президентті парақорлық пен Украина президентін АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байденге қатысты тергеуді бастауға мәжбүрлеуге тырысқаны үшін айыптап 658-беттік баяндамасын жариялады.

Талқылау