Трамп жарылыс кезінде қаза тапқан Али Хаменеи ұлының үміткерлігін қабылдамайтынын айтты. Бірақ Моджтаб Хаменеидің мұрагер болу ықтималдығы жоғары екен мойындады.
“Олар уақытын бекер өткізіп жатыр. Хаменеидің ұлы әлсіз. Венесуэлдағы Делси Родригестің жағдайындағыдай тағайындауға мен қатысуым керек. Моджтаб әкесінің саясатын жалғастырады, бұл АҚШ-ты бес жылдан кейін тағы да соғыс бастауға мәжбүр етеді. Хаменеидің ұлын қабылдамаймын. Бізге Иранға тыныштық мен бейбітшілік әкелетін адам қажет”, – деді америкалық президент.
- Али Хаменеидің ұлы Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі болып сайланды – БАҚ
- Трамп Иран басшылығына келуі мүмкін үш үміткер туралы айтты
Жағдайдың мән-жайы
Айта кетейік, бұған дейін 2026 жылы 28 ақпанда Израиль мен АҚШ Иран астанасына соққы жасады. Жауап ретінде Иран Таяу Шығыс өңіріндегі АҚШ базалары мен Израильге зымыран ұшырды. Қақтығыс салдарынан жүздеген адам қаза тауып, елдің жоғарғы басшылығы, оның ішінде аятолла Али Хаменеи де мерт болды. Оның резиденциясы қиратылды.
Хаменеи қазасынан кейін Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскери базаларына қарсы “тарихтағы ең қуатты шабуыл операциясын” бастайтынын мәлімдеді. Бұған жауап ретінде Дональд Трамп тарапынан қатаң ескертулер айтылды.
Иранның Ұлттық қауіпсіздік жоғары кеңесі Али Хаменеи қаза тапқан соң уақытша басшылық кеңес құрылғанын хабарлады.
