Дональд Трамп Еуроодақтан келетін көліктер мен тауарларға баж салығын салды
АҚШ ЕуроОдақ елдерінен келетін көліктер мен басқа да тауарларға 25 пайыздық баж салығын енгізеді. Шаралар жақын арада күшіне енеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sky News басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Трамптың айтуынша, тарифтер жыл бойы өседі.
“ЕуроОдақ сыртқы нарықта америкалық автоөнеркәсіпке әділетсіздік танытып отыр. Блок елдері АҚШ-тан көлік пен ауылшаруашылық өнімдерін сатып алмайды. Сонымен бірге өз тауарларын белсенді түрде дамытады. Сонымен қатар ЕуроОдақ-тың негізсіз тарифтері қатаң жауап шараларына әкеледі”, – дейді Трамп.
Айта кетейік, бұған дейін Трамп Канада, Мексика Қытай тауарларына баж салығын енгізу туралы жарлыққа қол қойған еді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"