Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллардың айырбас бағамы ең төменгі деңгейге түсті

Фото: freepik.com

Қазақстанда 5 ақпандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың бағамы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде доллардың орташа бағамы 495,10 теңге болды. Бұл алдыңғы күнмен салыстырғанда 3,36 теңгеге төмен.

Айта кетейік, доллар бағамының мұндай деңгейі соңғы рет 2025 жылы наурыз айында тіркелген. Ал 11 наурызда доллар тіпті 490 теңгеден де төмен түскен еді.

Ұлттық банктің 5 ақпандағы ресми бағамы бір доллар үшін 498,65 теңге болды.

Еске салайық, 4 ақпандағы сауда қорытындысы бойынша доллар бағамы 498,65 теңге болып, 4,4 теңгеге арзандады. Осылайша доллар бағамы нарық үшін маңызды саналатын “психологиялық межеден” – 500 теңгеден төмен қайта түсті.

Kurs.kz деректеріне сәйкес, қазір Астана мен Алматы қалаларындағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа бағамы мынадай:

Алматыдағы айырбастау орындарындағы орташа бағам:

  • сатып алу: 494,55 теңге;
  • сату: 497,46 теңге.

Астанадағы айырбастау орындарындағы орташа бағам:

  • сатып алу: орта есеппен 493,00 теңге;
  • сату: 500 теңге.

Айта кетейік, бұған дейін 4 ақпан күні Қазақстанда доллардың айырбас бағамы 497 теңгеге дейін түскен еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Бейсенбі, 05 Ақпан, 2026 18:37