Доллар құны 2024 жылдың жазынан бергі ең төменгі деңгейге жетті

Фото: Pixabay.com
Доллардың теңгеге шаққандағы айырбас бағамы 2024 жылдың жазынан бергі ең төменгі деңгейге жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1 сәуірде Қазақстан қор биржасында доллар бағамы 475,09 теңге болды.
24 сағат ішінде ол 3,06 теңгеге төмендеді. Мұндай төмен доллар бағамы Қазақстанда 2024 жылдың жазынан бері тіркелген емес.
Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың орташа бір күндік көлемі бір айда 335 млн АҚШ долларынан 372 млн АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сауда-саттықтың жалпы көлемі – 6,7 миллиард доллар.
Наурызда Ұлттық қордан 400 миллион доллар валюта сатылып, ол республикалық бюджетке трансферт бөлуді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Ұлттық қордан сату үлесі жалпы сауда-саттық көлемінің 6%-ы немесе күніне 22 миллион долларға жуық болды.
“Күтілетін фискалдық түсімдерді ескергенде, үкіметтің алдын ала болжамды өтінімдері бойынша республикалық бюджетке трансферт бөлуге Ұлттық банк сәуір айында Ұлттық қордан 300 млн долладан 400 млн долларға дейінгі мөлшерде валюта сатылады деп болжайды. Наурыз айында "айналау" операциялары аясында шамамен 350 миллиард теңге алынды. 2026 жылғы II тоқсанда "айналау" операциялары аясында шамамен баламасы 1,1 триллион теңгеге шетел валютасын сату жоспарланып отыр”, – деп мәлімдеді Ұлттық банк.
Ұлттық қордың қаражатымен операциялар жүргізу кезінде, сондай-ақ "айналау" тетігін іске асыру кезінде Ұлттық банк нарықтық бейтараптық қағидатын ұстанады. Ол шетел валютасын тұрақты және біркелкі сатуды білдіреді.
Ұлттық банк наурыз айында валюталық интервенция жүргізген жоқ.
- Теңге нығаюда: Доллар бағамы бір күнде қаншаға төмендеді
- Мұнай бағасы 200 доллар болған жағдайда Қазақстан экономикасына не болады
Қазір Қазақстандағы айырбастау пункттеріндегі бағалар:
- Доллар: Сатып алу: 474,5-475,5 теңге, Сату: 476-476,5 теңге;
- Еуро: Сатып алу: 547-551 теңге, Сату: 553-555 теңге;
- Рубль: Сатып алу: 5,8-5,9 теңге, Сату: 5,92-5,95 теңге.
ICE биржасында маусым айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы – барреліне 103,78 доллар.
Бұған дейін Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды.
"Халқының жалақысы 3 миллион теңге, күйзеліс дегенді білмейді": 3 айлық сәбиімен Англияға оқуға кеткен қазақстандық адам миын зерттеп жүр