Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда доллар бағасы 465 теңгеге дейін төмендеді

Фото: Depositphotos.com

Қазақстанда доллар бағамы 465 теңгеге дейін төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

6 сәуірде Алматыдағы айырбастау пункттері долларды 465-467 теңгеге сатып, 461-463 теңгеге сатып алып жатты.



Елордада бағам сәл жоғарылап, 470 теңгеге сатылды. Ұлттық банктің ресми бағамы 470,46 теңге болып белгіленді.

Бұған дейін Ұлттық банк қазақстандықтарды ақшаны доллармен сақтамауға шақырды.

Қырмызы Скендирова
Дүйсенбі, 06 Сәуір, 2026 13:51