Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллар бағамы төмендеп, теңге күшейе түсті

KASE-дегі таңертеңгілік сауда-саттықтың қорытындысы бойынша ұлттық валютаның АҚШ долларына шаққандағы бағамы 348,89 теңгені құрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Доллар бағамы төмендеп, теңге күшейе түсті

Алдыңғы күнгі сессияның қорытындысы бойынша 3 тамызда бір доллардың құны 349,72 теңгені құраған. Бүгінде АҚШ доллары 0,92 теңгеге төмендеп, ұлттық валюта нығая түсті.

Сессия қорытындысы бойынша ең төменгі баға 348,20 теңге болса, ең жоғарғысы 349,71 теңге болды. Ал, сауда көлемі 44,6 миллион долларға жетті.

Жұма күні доллардың орташа бағамы таңғы сессия қорытындысы бойынша 1 долларға 349,81 теңге, күндізгі сессияда 349,72 теңге, екі сессияның қорытындылары бойынша 349,76 теңге болған. Сауданың жалпы көлемі 146,8 млн долларды құрады.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау