Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бұл жай ғана сандар": Ұлттық банк өкілі доллардың қымбаттауына қатысты пікір білдірді

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының көтерілуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

доллар

Фото: pixabay.com

Сенат кулуарында Виталий Тутушкин доллар бағамының болашағы жөнінде айтты. 

"500 деген жай сандар. Меніңше, біз сандарға көбірек мән береміз. Бірақ біз үшін валютаның серпіні маңызды", – деді ол.

Өз кезегінде журналистер Ұлттық банк өкілінен доллардың 600 теңгеге дейін қымбаттау мүмкіндігін сұраған. 

"Біз болжам жасамаймыз. Бізде айырбас курсы еркін режимде. Номиналды курс бағамы бойынша болжам жасамаймыз", – деді ол.

Сондай-ақ Тутушкин доллар бағамының көтерілуіне әсер ететін факторларды да атап өтті. 

"Ең басты фактор – әлемде доллардың нығаюы. Доллар дамушы және дамыған елдердегі барлық валютаға қатысты қымбаттап келеді. Егер біз теңге мен еуроның қатынасын алып қарасақ, ол берік және тұрақтырақ. Ал долларға қатысты тұрақсыз. Себебі америкалық валюта әлемде нығайып келеді", – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

Талқылау