Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Док-1 Макс" препаратынан 18 бала көз жұмған: Өзбекстанда балалардың өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды

Өзбекстанда Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі (МҚҚ) 18 бала көз жұмған соң қылмыстық іс қозғады. Балалардың денсаулығы тұмауға қарсы үнді дәрісін ішкен соң нашарлаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

дәрі

Өзбекстанның дәрілік заттарды сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығы "Док-1 Макс" шәрбаты белгіленген талаптарға сай болмай шыққанын мәлімдеді. 

"Док-1 Макс" шәрбатында кездесетін этиленгликоль заты науқастың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Қазіргі уақытта импорттаушы компания "Quramax Medical" ЖШҚ және "Дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығы" ЖШҚ лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметі хабарламасында.


Өзбекстанда 15 баланың өліміне себеп болуы мүмкін дәрі Қазақстанда сатылмайды - Денсаулық сақтау министрлігі


Еске салайық, бұған дейін Өзбекстанның Самарқан облысында тұмауға қарсы дәріні ішкен соң балалардың жаппай көз жұмғаны туралы хабарлаған едік. 

"17 балада ауру ауыр өтті, бірнеше рет гемодиализ жүргізуге тура келді. 15 өлім тіркелді", – делінген М.Азизов атындағы Самарқан облыстық көпсалалы балалар медициналық орталығының директоры жазған хатта. 

Талқылау